Accessibility links

Вьетнамда қатты нөсердің соңы тасқынға ұласып, кемінде 90 адам мерт болды


Куангнинь провинциясындағы жолдардың бірі, Вьетнам, 22 шілде, 2025 жыл.
Куангнинь провинциясындағы жолдардың бірі, Вьетнам, 22 шілде, 2025 жыл.

Вьетнамда көп күн толастамай жауған қалың жаңбыр салдарынан су тасып, көшкін болып, кемінде 90 адам опат болып, оннан астам адам хабар-ошарсыз кетті. Билік елде 180 мыңнан астам үй бүлігініп, үш миллион бас мал қырылғанын, келген шығын көлемі 300 миллион доллардан асқанын хабарлады.

Үкіметтің мәлімдеуінше, табиғи апаттың ауыр салдары елдің оңтүстігіндегі бес аймақта – Куангнгай, Зялай, Даклак, Кханьхоа және Ламдонгта тіркелген. Таулы жердегі Даклак провинциясында кейінгі бір аптада 60-тан астам адам қазаға ұшыраған.

Шенеуніктердің айтуынша, жексенбі таңына қарай шамамен 258 мың адам электр қуатынсыз қалды, негізгі автокөлік жолдары мен теміржол желілерінің жекелеген бөлігінде қозғалыс бөгеліп қалған.

Кейінгі айларда Вьетнамға ауа райының тосын мінезі өте жайсыз тиді. Мұның алдында вьетнамдықтар "Калмаэги" және "Буалой" тайфундарынан зардап шеккен еді.


XS
SM
MD
LG